Қатты желдің салдарынан Қарағандының орталығына орнатылған жаңажылдық шырша құлап қалды

None
РАҒАНДЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандының орталық алаңына орнатылған 20 метрлік жаңажылдық жасанды шырша қатты желдің салдарынан құлап қалды.

Бұл туралы оқиға орнынан ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қазіргі кезде қалалық саябақтар басқармасының жұмысшылары жаңажылдық шыршаны қалпына келтіруде. «Шырша қатты желдің салдарынан құлап қалды. Арқандар үзіліп кетті. Жарық беретін шамдар сынған жоқ. Біз оны тез арада қалпына келтіруге тырысамыз», - деді жұмысшылар.

Дегенмен, қала мен облыста қатты жел мен боран басылған жоқ.