Қауіпсіз интернет күні өтеді
17:04, 30 Желтоқсан 2011
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қауіпсіз интернет күні 2012 жылы 7 ақпанда атап өтіледі. Еуропалық комиссияның 2004 жылдың қаңтар айында жасалған идеясы бойынша жыл сайын атап өтілетін ғаламдық науқан.
Ол - онлайн технология мен мобильді телефонды барынша үлкен жауапкершілікпен қолдану және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Бұл әсіресе балалар мен жастар арасында өте маңызды болып отыр.
Ғаламдық науқан аясында Майкрософт корпорациясы онлайн құралдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғаламторды қолданушылар мінез-құлқына халықаралық зерттеу ұйымдастыруда. Оған қатысу үшін қазақстандықтар Майкрософт Қазақстан компаниясының интернет сайтындағы онлайн сауалнамаға жауап беруі қажет. Оның қорытындысы ақпан айында шығарылатын болады.