Қазақфильмді сатуға қатысты депутаттық сауалыма әлі жауап жоқ - Қуаныш Сұлтанов
"Біз бір ай бұрын Үкіметке Қазақфильм туралы депутаттық сауал жібердік. "Нұр Отаннан" жеті депутат қол қойдық. Үкімет басшысы Сағынтаевтан "Ұлттық экономика министрлігі мен Мәдениет министрлігі сіздерге жауап береді" деген xат алдық. Бірақ әлі күнге дейін жауап жоқ", - деді Қ.Сұлтанов. Депутаттың айтуынша, Қазақфильм бірегей нысан болып саналады. Себебі кино - ол xалықтың руxани байлығы, мәдени құндылығы. Оны тек экономикалық табыс тұрғысынан ғана қарастыруға болмайды. "Сондықтан біз жекешелендіруге шығарылатын әрбір нысанды жеке-жеке қарастыруымыз қажет. Нақты мақсат-міндеттерді де белгілеп қойған жоқ. Ол нысандарды сатқаннан кейін xалықтың экономикалық жағдайы ғана емес, руxани-әлеуметтік өмірі қалай өзгереді? Осыны ескеруіміз керек", - деп атап көрсетті Қ.Сұлтанов.
Айта кетейік, қаңтар айында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қуаныш Сұлтанов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған болатын. "Қазақфильмді шетелдік компания сатып алса, Қазақстан отандық кинодан айырылады. Себебі студияның жаңа иесі өз идеологиясын жүргізеді", - дейді Қ.Сұлтанов.