Қазақмыс тобы KASE-нің «Айқындыққа талпынғандығы үшін» дипломымен марапаттылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақмыс тобы KASE-нің «Айқындыққа талпынғандығы үшін» дипломымен өзі және өз қызметі жайлы ақпараттарды жариялап отыру тұрғысында қазақстандық бағалы қағаздар нарығында іскерлік әрекеттердің үздік үлгісін ұсынғандығы үшін марапатталды.
«Халықаралық қаржы нарығындағы ақпаратты айқындауда компанияның тәжірибесі мол, сондықтан оның деңгейі көпшілік компанияның осы жоғарғы стандарттарына сәйкес келеді. Біздің барлық эмитенттеріміз ашықтықтың осындай жоғары деңгейлеріне ұмтылғандығын қалар едік», - дейді Қазақстан нарығының биржалық қорында листинг бағытына жетекшілік ететін KASE вице-президенті Болат Бабенов.
Өз кезегінде Қазақмыс тобының атқарушы директоры Олег Новачук, Қазақстан қор биржасының бұл құрметті дипломы Қазақмысқа берілгендігін мақтан тұтанын атап өтті. «Біз бұл марапатты, Топ ақпараттарының сапалылығы мен ашықтығын жақсарту тұрғысында жұмсалған күш-жігеріміздің еш зая кетпегендігі деп білеміз. Қазақмыс тобы елдің экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан отандық ірі компаниялардың бірі болып отыр. Сонымен қатар, біз, корпоративті басқару және ақпаратты айқындау тұрғысынан ұлттық көшбасшы болуға ұмтылудамыз. Сондықтан да, ашықтыққа ұмтылу - біздің алға ұмтылуымыздың кепілі», - деді ол.