Қазақстан Белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімінің Хаттамасына қосылды

None
АСТАНА. Қыркүйекті 11-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Еуропалық бөлімінің жанындағы тұрақты өкілі, елші Мұхтар Тілеуберді Женевада (Швейцария) Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның бас директоры Френсис Гарриге Қазақстан Республикасының Белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімінің Хаттамасына қосылу тетігін табыс етті, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы Ф.Гарри өз кезегінде, Қазақстанның халықаралық аренада зияткерлік меншікті және өндірушілердің құқықтарын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылатын Хаттамаға қосылуына қолдау білдірді.

Тараптар Қазақстан мен дүниежүзілік ұйымның арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай табысты дамитындығына сенім білдірді. Бұл Хаттамаға қосылу қазақстандық өндірушілерге зияткерлік меншік нысандарына қорғау құжаттарын алу жолымен шетелдерде құқықтарының қорғалуына көбірек мүмкіндіктер және басқа да бірқатар жеңілдіктер алады, оның ішінде тіркелу амалдарын жеңілдету және дербес баж салықтарын белгілеу, немесе үш тілде - неміс, ағылшын немесе испан тілінде өтініштерді толтырудың мүмкіндіктеріне ие болады. Мұның бәрі шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік белсенділігінің анағұрлым өсуіне, әлемдік нарыққа шығуына және ұлттық өндірушілердің тауарлық белгілерінің халықаралық тіркелу үдерісінің оңтайландырылуына да сеп болады.