Қазақстан Елшісі чех-азиялық экономикалық форумда сөз сөйледі
Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін таныстырды.
Қазақстан Елшісі чех кәсіпкерлеріне Қазақстандағы инвестициялық климат, инвесторларға жасалған жағдайлар туралы әңгімелеп берді, сонымен бірге ортамерзімдік және ұзақмерзімдік даму бағдарламаларын, оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасын таныстырды. Елші сондай-ақ Қазақстанның Ресей және Беларус елдерімен Кедендік одағына қосылуының басымдықтарына да тоқталып өтті.
Форумға Чех Республикасымен ұзақмерзімдік экономикалық ынтымақтастықты дамытуды мақсат еткен Азияның 30-дан астам елінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ оның жұмысына Чехияның министрліктері мен ведомстволарының, экспорттық банкінің, инвестициялық қызметке мүдделі 100-ден чех компанияларының өкілдері атсалысты.