Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық форумында этносаралық келісім жайы сараланды - Ақмола облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына арналған басқосуға ұлттық мәдени орталықтар, этносаралық құрылымдар жетекшілері, мемлекеттік емес ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысып, еліміздің тәуелсіздігінен бастау алған ынтымақтастық пен бірлік, қоғамның даму үрдісі тілге тиек етілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оған көпшілік болып атсалысу, этномәдени орталықтарға қаржылай қолдау көрсету, Достық үйіне арналып белгіленген бұрынғы «Жастар» кинотеатрында күрделі жөндеу жұмыстарын іске асырып, қайта жарақтау жайы тілге тиек етілді.
Жиын соңында облыс тұрғындарына арналып ұлтаралық қарым-қатынас пен бауырмалдылық, ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған үндеу қабылданды.