«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Сауданы қаржыландыру - 2012» саласындағы Қазақстанның таңдаулы банкі» аталымы бойынша марапатталды

None
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Халықаралық жетекші қаржылық басылым -  «Global Finance» әлемнің 78 елін қамтитын сауданы қаржыландыру бойынша өткен жыл нәтижесіне сәйкес жасалатын жыл сайынғы шолуында

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ын «Сауданы қаржыландыру - 2012» саласындағы Қазақстанның  таңдаулы БАНКІ» номинациясы бойынша марапаттады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.

 Global Finance хабарламасына сәйкес, сауданы қаржыландырудағы көш бастаушы ретінде банкті таңдау өлшемдеріне транзакциялар көлемі, жаһандық ауқымдағы бизнес мөлшері, клиенттерге қызмет көрсету, бәсекеге қабілетті бағалар мен инновациялық технологиялар қамтылған.

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова: «Global Finance секілді беделді халықаралық басылымның бізге берген жоғары бағасын мақтан тұтамыз. Сауданы қаржыландыру біз үшін стратегиялық маңызды өнім болып табылады. Экспорттық-импорттық тауар айналымы ЖІӨ-нің 70 пайыздан астам бөлігін иемденіп отырған қазіргі таңда сауда саласы Қазақстан экономикасында айтарлықтай рөл атқарады. Бұл дерек отандық экономиканың ашықтығы мен оның дүниежүзілік қоғамдастыққа интеграциялануының аса жоғарғы деңгейін айшықтай түседі. Сауданы қаржыландыру саласындағы Банктің қызметі 2010 жылғымен салыстырғанда 2011 жылы 30 пайыздан аса өсімге ие болды. Біз сауданы қаржыландыру саласында өзіміздің клиенттеріміз үшін және халықаралық банк-корреспонденттердің кең ауқымды желісі үшін бұдан былай да сенімді серіктес ретінде қала бермек ниеттеміз», дейді.