Қазақстан қылмыстық жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамтуға мүдделілік танытып отыр - халықаралық сарапшы пікірі

None
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан түрмеде отырғандардың саны жағынан әлемде 17-ші орында. Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет бұл көрсеткіште 3 орынға төмендеген. Лондон университетінің әлем елдерінің пенитенциарық жүйесін зертеумен айналысатын түрмелер жөніндегі халықаралық зерттеу орталығының мәліметтері осындай.

Бұл мәліметтермен бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен елдегі қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қаағанда, бүгінде елдегі қылмыстық-атқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мен осы салада қоғамдық бақылауды орнату мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы комитетінің ұсыныстарын жүзеге асыру шаралары орындалуда. «Ал биылғы жылдың ақпан айының 7-сі мен 11-і аралығында Ұлыбританияның түрмелер жөніндегі халықаралық сарапшысы Джонатан Айткен Астана, Көкшетау, Степногор қалаларындағы түзеу орындарында болып қайтты. Сарапшы ондағы сотталғандардың жағдайларының қанағаттанарлықтай екендігін айтты. Оның арнайы сараптауынан өткен көптеген мемлекеттердің түрмелеріндегі жағдаймен салыстырғанда Қазақстандағы түрмелердегі санитарлық жағдай талапқа сай. Сарапшы атап өткен ең басты мәселе - біздегі түрмелерде отырғандарға туғандарымен кездесіп, олармен ұзағырақ болуларына жағдай жасалған және түрме әкімшілігі жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен қамту үшін қол ұшын созуға мүдделі», деді ресми өкіл.