Қазақстан мен Ресей басшылары Кеден одағының аясында өз елдерінің экономикаларын дамыту проблемалары бойынша пікір алмасты

None
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының VII аймақаралық форумының пленарлық отырысында мемлекет басшылары Кеден одағының аясындағы өз елдерінің экономикаларын дамыту проблемалары бойынша пікірлер алмасты. Дмитрий Медведевтің пікірі бойынша, «экономикаларды түрлендіру - екі елдің ағымдағы міндеті. Шикізатты өңдеумен шектелу - біздің жолымыз емес».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде, елдер арасындағы қарым-қатынастардың қарқындырақ дамуын тежеп отырған түйінді проблемаларды шешумен байланысты бірқатар бастамалар ұсынды. Алғашқы бастамалардың қатарында ол, техногендік апаттарға қарсы бірлескен қорғанысты жасау және нақты тетіктерді әзірлеу қажеттілігін атады.

Елбасының пікірінше, Қазақстан мен Ресей Мексика шығанағындағыдай апатқа жол бермеуі керек. «Біз Каспий өңірін осындай апаттардан қорғауымыз керек»,- деді Елбасы өз сөзінде.

Н.Назарбаевтың пікірінше, осы мәселе бойынша бірлескен бастамалар тиімдірек болар еді.

Қазақстандық тарап ұсынған қалған бастамалар су-трансшекаралық жолдар бойынша (Жайық-Ертіс) бірлескен жобаларға, техникалық реттеу, көлік логистикасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болды.