Қазақстан мен Ресейдің төтенше жағдайлар министрлері трансшекаралық өрт ошақтарын сөндіру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9 -ы. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің төтенше жағдайлар министрлері телефон болған әңгіме барысында трансшекаралық өрт ошақтарын сөндіру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс істері, төтенше оқиғалар және апатты оқиғалардың салдарын жою жөніндегі министрі Сергей Шойгу телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында трансшекаралық өрт ошақтарын сөндіру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар талқыланды», - делінген ресми хабарламада.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, қазір «өрт сөндіруші күштер мен құралдардың бір бөлігі Ресей Федерациясының шекарасына қарай ауыстырылып жатыр, себебі ресей жағынан Қазақстанның аумағына өрт келу қаупі туындап отыр».

Сәрсенбі күні Павлодар облысының ормандарының бірінен өрт шығып, қатты желдің салдарынан тілсіз жау ресей-қазақстан шекарасынан өтіп, Ресейдің Алтай өлкесі мен Новосібір облысының аумағына тарай бастаған болатын.

Павлодар облысында болған орман өртінің салдарынан алты адам қаза болып, бір адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті.