Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VI спартакиадасының жеңімпаздары анықталды
11:45, 04 Қыркүйек 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Кеше Тараз қаласында республика бойынша судьялар арасында шағын футбол, волейбол, үлкен теннис, бильярд (ерлер арасында), үстел теннисі, шахмат және дойбы (ерлер және әйелдер арасында) сайыстары бойынша спартакиада аяқталды,
деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Аталған спорт сайысына жергілікті жарыстардың жеңімпаздары қатысты. Қарағанды облысының командасы шағын футбол, ерлер және әйелдер арасындағы үстел теннисіне және ерлер арасындағы дойбы бәсекесіне қатысты.