«Қазақстан темір жолы» АҚ компанияның сатып алу көлемінде қазақстандық қамту үлесін 95 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр

None
СТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2015 жылға қарай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияның сатып алу көлемінде қазақстандық қамту үлесін 95 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Астанадағы қазақстандық қамту мәселелеріне арналған республикалық кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А. Маминнің сөзіне қарағанда, биылғы жылы компанияның сатып алуларының жоспарына сәйкес, қазақстандық қамту үлесін 80 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету қаралып отыр. Ал 2015 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 пайызға дейін жеткізілмек.

Атап айтқанда, өткен жылы қазақстандық мөлшерді арттыру тұрғысында компанияның сатып алулары көлемінде 70 пайыздық үлес қамтамасыз етілген. Сондай-ақ компаниямен тікелей келісім жасаған тауар өндірушілер саны 30 пайыздан астам көрсеткішке артқан.