Қазақстан жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексінде 42-орынға шықты
"Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексі жарияланды. Бұл рейтинг бойынша Қазақстан 42-ші орынға табан тіреді", - деген Б.Қамбар бұл рейтингтің еліміз үшін қандай пайдасы бар екенін атап өтті.
"Бұл рейтинг ең əуелі қарапайым халыққа не береді деген сауал туындайды. Ең əуелі, рейтинг дегініміз - басқа елдермен салыстыра отырып, өзіміздің қай орында екенімізді, тек экономикалық көрсеткіштер ғана емес, əлеуметтік көрсеткіштер қандай екенін, қай елдердің алдымызда тұрғанын, қай елдердің деңгейіне жету керектігімізді көрсететін барометр деуге болады. Жалпы, жаһандық экономиканың бір бөлшегі екенін сезінген Қазақстан халқының əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін экономикалық жағдайымыз жақсы болу керек екені анық. Ол үшін бізге инвестиция керек. Ал, дүниежүзіндегі көптеген инвесторлар инвестиция салу үшін қандай да бір елдің осы рейтингтегі орнына қарайды", - дейді орталық директоры
"Екіншіден, сарапшылар арасында көп айтылып жүрген мəселе - заңның үстемдігі. 5 институционалдық реформада заңның үстемдігіне ерекше орын берілген. Жаһандық бəсекеге қабілеттілік туралы рейтингте Қазақстан заңның үстемдігі бойынша бірқатар көрсеткіштерін жақсартты. Яғни, болашақта инвесторлардың Қазақстанға деген сенімі арта түседі", - деп түсіндірді маман.