Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар екі есе қысқартылады
"Өзгерістердің тағы бір бөлігі уәкілетті органға мәлімет беретін үкіметтік емес ұйымдардың тізбесін оңтайландырады. Қазіргі уақытта коммерциялық емес ұйымдар туралы заңға сәйкес, барлық 50 мыңнан астам коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын министрлікке есеп беріп отыруы қажет. Оның түк қажеті жоқ. Өйткені үкіметтік емес ұйымдардың көбін мемлекет өзі құрады, мемлекеттің жанындағы мекемелер құрады. Оны бәріміз білеміз. Сондықтан да осы оңтайландырудың нәтижесінде министрлікке есеп беретін үкіметтік емес ұйымдардың санын екі жарым есеге дейін қысқартамыз", - деді А.Нүкенов.
Айта кетейік, ҚР Сенатының мәдени-әлеуметтік даму және ғылым комитетінің отырысында вице-министр А.Нүкенов жаңа заңның негізгі өзгерістері туралы айтып берді. Комитет мүшелері аталған заң жобасын қолдап, Сенаттың жалпы отырысына шығаруға рұқсат берді. Отырыс соңында комитет төрайымы Бірғаным Әйтімова өзге ұлт депутаттарының мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойғанын да жеткізді.