Қазақстандағы сайлау науқанынан хабар таратуға елімізге 120-дан астам шетелдік журналист келеді - СІМ

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандағы сайлау науқанынан хабар таратуға елімізге 120-дан астам шетелдік журналистер келеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, еліміздегі сайлау барысын байқау үшін 1 мыңнан астам шетелдерден және халықаралық ұйымдардан байқаушылар келеді. «Қазіргі кезде 789 шетелдік байқаушы тіркелді. Атап айтқанда, бұл аккредитациялау тізімі бұдан әрі қарай жалғасады», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушыларды тіркеу шараларын 9 қаңтарда сағат 24.00-ге дейін жалғастырады