Қазақстандықтардың Арменияға сапарлау тәртібі туралы Заңға қол қойылды

Фото: Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM — Президент қазақстандық азаматтардың Арменияға сапары мен болу тәртібі туралы Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялады.