Қазақстандық әскери міндеттілерді даярлау қызу жүргізілуде
Бүгінгі таңда оқып-үйренуге бұдан бұрын Қарулы Күштерде әскери қызмет өткерген және запастағы офицерлер, сержанттар және сарбаздар болып табылатын 1 230 адам келді. Барлығы 28 қазанға дейін әскери-оқытылған резервтің бағдарламалары бойынша 1 500 адамды дайындау жоспарлануда.
Жиын бағдарламасы 2 аптаға есептелінген. Әскери міндеттілер әскери қызметшілердің басшылық етуімен жауынгерлік даярлық пен әскери істің ерекшеліктерін, қару-жарақ пен техниканы игереді. Сонымен қатар тылдық және техникалық қамтамасыз етудің жекелеген әскери мамандықтары, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша дайындық жүргізілуде.
Әскери міндеттілермен әскери жиындар әскери-оқытылған резерв санынан азаматтардан қажет етілетін әскери дайындық деңгейін ұстап тұру үшін жиі ұйымдастырылады.
ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің мәліметтері бойынша 2012 жылы жиынға 5 000 әскери міндетті тартылды, 2013 жылы 8 000 адам оқып-үйренуден өтті.
Қатысушылардың 80 пайызының тұрақты жұмысы бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан оларды жиынға тарта отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі айлық еңбекақысының жарты бөлігін төлейді.