Қазақстандық М. Горький атындағы орыс театры Петербор фестиваліне қатысуда

None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазақстандық М.Горький атындағы орыс драмалық театры Петерборда өтіп жатқан ТМД және Балтық елдерінің орыс театрларының ХІІ фестиваліне қатысуда.

Олар А.Чеховтың «Иванов» пьесасын көрсетеді. Спектакль сәуірдің 7-сі күні «Балтық үйі» театрының сахнасында қойылады.

Жеңістің 65 жылдығына арналып отырған ТМД және Балтық елдерінің орыс театрларының «Ресейдегі кездесу» фестивалі наурыздың 31-і мен сәуірдің 9-ы аралығында өтеді.

Фестиваль наурыздың 31-інде Одесса орыс театрының «Ваня ағай» спектаклімен ашылды.