Қазақстандық Оксана Яцкая шаңғы жарысында 19-шы орынға табан тіреді - Ванкувер Олимпиадасы
11:18, 01 Наурыз 2010
bsp; Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысында қазақстандық Оксана Яцеая 19-шы орынға табан тіреді,
деп хабарлайды sports.kz.
Кеше, ақпанның 28-інде 30 шақырымдық қашықтыққа әйелдер арасында өткен жаппай жарыс өтті. Қалған үш қазақстандық спортшы - Елена Коломина, Марина Матроссова, Светлана Малахова-Шишкиналар елу үздіктің қатарына кіре алды.
Естеріңізге сала кетейік, жаппай жарыста мәре сызығын бірінші болып поляк спортшысы Жустина Ковальчук кесті. Ал екінші орынды норвегиялық Марит Бьорген иеленсе, үшінші жүлдені финляндиялық Арно-Каиса Сааринен қанағат тұтты.