Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде жартылай финалда сүрінді
11:13, 05 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Сәуірдің 3-і күні Андрей Голубев Челленджер сериясы аясындағы €30,000 Napoli турнирінің жартылай финалдық кездесуінде португалиялық теннисші Руи Мачадеден жеңіліп қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал басқа қазақстандық теннисші Зарина Диас ITF $50,000 Khanty-Mansiysk турнирінде Украина спортшысы Людмила Киченюкпен кездесті. З. Диастың аяғы жарақаттанғандықтан, ойын аяғына дейін жетпестен аяқталды. Матч 0:6, 0:2 есебімен украиналық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Бұл додада да қазақстандық теннисші финалдық кездесуге шыға алмады.