Қазақстанның Әділет министрі АҚШ елшісімен кездесті
11:19, 26 Ақпан 2010
қпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Әділет министрі Рашид Түсіпбеков Құрама Штаттардың Қазақстандағы Елшісі Ричард Хоугландпен кездесті,
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бейсенбі күні болған кездесу барысында Р.Түсіпбеков, Елбасы Жолдауының, сондай-ақ республиканың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы тұрғысында, министрліктің алдына заң шығару жұмыстарын жақсарту, бизнестің ашықтығын оңтайландыру, пенитенциярлық жүйегі ізгілендіру және азаматтарға қызмет көрсетуді жақсарту сияқты бірқатар жаңа міндеттер қойылып отырғанын атап көрсетті. Осы бағыттарда Қазақстанның халықаралық стандарттарға сәйкес болуға талпынып отырғандығы жеткізілді.
Қазақстандық тарап кездесу соңында сондай-ақ, адам құқықтарына қатысты жекелеген жобаларды жүзеге асырудағы қолдауы үшін Р.Хоугландқа және АҚШ елшілігіне алғыс білдірді.