Қазақстанның беделі Днестр бойы бойынша келіссөздер үдерісіне серпін берудің қосымша ресурсы бола алады - Қ.Саудабаев
деп мәлім етті бүгін Кишиневте ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.
Молдова премьер-министрінің орынбасары-сыртқы істер және еуропалық ықпалдастық министрі Юрие Лянкэмен келіссөздер аяқталғаннан кейін Қ.Саудабаев Қазақстан Кишинев пен Тирасполь арасындағы «5 плюс 2» форматындағы келіссөздер үдерісіне оң серпін беруге шынайы ниетті деп атап өтті.
Келіссөздердің жалғасуына оң серпін берудегі маңызды ресурс бұрынғы кеңестік кеңістік халықтарындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрмет пен сенім бола алады, деп атап өтті Қ.Саудабаев. «Біз Днестр бойы жанжалын реттеу үдерісіне оң жеделдік беру үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін пайдалануға әзірміз», - деді ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі.
«5 плюс 2» форматындағы Днестр бойы мәселесін реттеу жөніндегі консультацияларға жанжалдасушы тараптар - Молдова мен Днестр бойы, сондай-ақ арағайындар - Ресей, Украина және ЕҚЫҰ, байқаушылар - АҚШ және Еуроодақ қатысуда.