Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы оның халықаралық беделіне берілген жоғары баға - Беларусь Парламентінің депутаты Инесса Клещук

None
СТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Минскіде Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына - 15 жыл» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады дипломатиялық ведомствоның баспасөз қызметінен.

Конференция жұмысына ТМД елдерінің Минскіде тіркелген елшілері, Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жандарындағы ТМД елдерінің тұрақты өкілдері, Қазақстан мен Беларусь парламенттерінің депутаттары, мемлекеттік органдарының өкілдері, ғалымдар, т.б. қатысты.

Конференция ашқан Қазақстан Елшісі Анатолий Смирнов, Ата заңын қабылдаған сәттен бастап Қазақстанның өз мемлекеттілігін құрғанын және ұлттық тәуелсіздігінің негізін қалағанын атап көрсетті. «Ел Конституциясы қабылданған 15 жылдан бері Қазақстанда, елімізге экономиканың барлық саласында және әлеуметтік салада қомақты жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берген іргелі реформалар жүргізілді», деп мәлім етті елші.

Конституция қабылданған 15 жылдан бергі Қазақстанның даму жолына конференцияға қатысушылар тарапынан да оң бағалар берілді. Атап айтқанда, Беларусь Парламентінің депутаты, Қазақстан Парламентінің ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Инесса Клещук, жұртшылықтың Қазақстан Конституциясына аударып отырған назары оның халықаралық аренадағы беделін көрсететінін, онда дамыған елдердің құқықтық кеңістігінде қолданылатын көптеген ілгерішіл нормалар мен ережелер бар екенін атап көрсетті. Және «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы оның халықаралық беделіне берілген жоғары баға», деп түйіндеді өз сөзін беларус депутаты.