Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын АҚШ барынша қолдайды - АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Ричард Хоугланд

None
; АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - АҚШ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының сәтті өтуін қалайды. Бүгін Алматыда арнайы өткен брифинг барысында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд осылай деді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдер арасында Қазақстанның тұңғыш рет ЕҚЫҰ төрағасы болуы тарихи құбылыс», деп атап өтті өз сөзінде Елші.

«Қазақстанның сыртқы істер министрі Саудабаев мырза ақпан айында АҚШ-та болған сапарында Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонмен ЕҚЫҰ саммитін өткізу және мазмұны мәселелерін талқылады.Бұл мысалмен мен Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы кезінде барынша қолдау білдіретіндігімізді және өте жоғары деңгейде ынтымақтастықты жұмыс істейтіндімізді көрсеткім келеді», деді Ричард Хоугланд.