Қазақстанның кәсіби-техникалық мектептерінің 650-ге жуық мұғалімі «Бизнеспен танысу» ұлттық бағдарламасы бойынша білім алды

None
СТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанның кәсіби-техникалық мектептерінде білім беретін 650-ге жуық мұғалім «Бизнеспен танысу» ұлттық бағдарламасы бойынша білім алды.

Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) қолдауымен және USAID агенттігі, Шеврон мен Бейкер Хьюз мұнай-газ компанияларының демеушілігімен жүзеге асырылды. Бүгін Астанада аталмыш төрт жылдық бағдарламаның алғашқы кезеңінің нәтижесі шығарылды.

Бағдарлама гранттары кәсіби-техникалық мектептерде білім беретін мұғалімдерге бөлінді. 2009 жылдың сәуір айында басталған «Бизнеспен танысу» бағдарламасының бірінші кезеңінде бұл гранттарға ел аумағында жұмыс істейтін 517 кәсіби-техникалық мектептің 642 мұғалімі иеленді. Сонымен бірге, бағдарламаның 33 оқытушысы Халықаралық еңбек ұйымының сертификатын алып, аталған курс бойынша мұғалімдерді оқыту және оларға сертификат беру құқығына ие болды.

ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім беру департаменті директорының орынбасары Ернар Нұрмановтың айтуынша, келешекте бұл мұғалімдер кәсіпкерліктің негізіне студенттерді үйрететін болады. Бір жылда 114 мың студентті (елдегі стубенттердің 15 пайызын) қамту көзделуде.

Бағдарлама барынша заманауи әрі тиімді құралдармен, атап айтқанда, интернет, интерактивті тақталар мен бейнематериалдардың көмегімен оқытуды көздейді. «Бизнеспен танысу» курсы жақсы бизнес идеяны қалай табуға болатынын, жеке істі қалай бастауды, бизнес жоспар жасау мен табысты кәсіпкерліктің өзге де құрамдас бөліктері туралы түсіндіретін 9 модульден тұрады.

«АҚШ Үкіметі барлық елдердің, оның ішінде Қазақстандағы еңбек ресурстарының дамуына үлкен көңіл бөледі. Білікті кадарлар елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. Қазақстанда көптеген халықаралық компаниялар жұмыс істейді. Қазақстан Үкіметі, кеңес уақытындағы шикізат экономикасынан 21 ғасырдың әртараптандырылған бастаушы және бәсекеге қабілетті нырықтық экономикаға көшудің қозғаушы күші ретінде - еңбек ресурстарының дамуына үлкен назар аударып отырғаны орынды», деп атап өтті өз сөзінде Қазақстандағы АҚШ Елшісі Ричард Хоугланд.