Қазақстанның қай өңірлерінде ана өлімі жиі болады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана өлімі жиі болатын өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ана өлімін азайту жоспары бойынша 2019 жылдың алғашқы 6 айын қорытындыладық. Бұл жоспарды орындай алмаған, төмен нәтиже көрсеткен үш өңірді – Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ана өлімі көрсеткіші жоғары болып отыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева министрлік алқасының отырысында.

Сонымен бірге вице-министр ана өлімін азайту бойынша жедел жоспарын жүзеге асыру барысын айтып берді.

«Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жедел медициналық жәрдемді орталықтандыру жұмысы аяқталды. Аймақтандыруды жақсарту бойынша Жамбыл, Түркістан, ШҚО және СҚО-да жұмыстар атқарылды. Қажетті медициналық құрылғымен жабдықтау көлемі 81% дейін артты», - деді Л. Ақтаева.

Министрліктің хабарлауынша, ана өлімін азайту үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету маңызды. Ләззат Ақтаеваның айтуынша, 6 облыста, әсіресе Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында акушер-гинекологтардың тапшылығы байқалады.