«Қазақтелеком» АҚ «Нұрсат» АҚ-ның 77,08 пайыз акциясы сатылатынын хабарлады
17:18, 24 Ақпан 2010
АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Қазақтелеком»АҚ стратегиясын дамыту және активтерін қайта құрылымдау бағытында «НҰРСАТ»АҚ-ның 77,08 пайыз акциясын сатуды қарастырып жатқанын мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі кезде бұл мәселе бойынша кеңес беруші ретінде «RESMI»АҚ инвестициялық қаржы үйі» бекітілген. «Қазақтелеком»АҚ өкілдері осыған орай акцияларды сатып алуға ниетті инвесторлардан наурыздың 4-не дейін өтініштер қабылданатынын айтады.Сату жөніндегі келісімдер мамыр айының соңына дейін бекітілмек.
«НҰРСАТ» АҚ 1996 жылы құрылған болатын. Қазіргі кезде еліміздің 17 қаласында корпоративтік тұтынушыларға қызмет көрсетуші ірі телекоммуникациялық оператор болып саналады. Еліміздің 80 елді мекенін қамтитын жеке спутниктік жүйесі бар.