Қазалы қаласын көгалдандыру қарқын ала бастады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 6-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазалы қаласын көркейту-көгалдандыру және көшелерді жөндеу жұмыстары қарқын ала бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында тері жіңішке аурулар диспансерін күрделі жөндеуге 40 млн. 957 мың, №17 орта мектепті күрделі жөндеуге 22 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылмақшы. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарына 5 млн. теңге қаралған. Бұл қаржыға Жамбыл, Қазалы көшелері асфальтталады. Орталық алаңды қалпына келтіру бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынды.