Қазатомөнеркәсіп басшылық құрамындағы өзгерістер болды

Photo: kazatomprom.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Компания басшылығының құрамындағы мынадай өзгерістер туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Өндіріс жөніндегі бас директор

Қуаныш Омарбеков 2023 жылғы 23 маусымнан бастап Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды. Омарбеков мырзаның функционалдық міндеттеріне Компанияның және еншілес кәсіпорындардың геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жер қойнауын пайдалану, тау-кен дайындау жұмыстары, уран өндіру және қайта өңдеу, өндірістік активтерді басқару мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және бақылау кіреді.

Омарбеков мырза 2011 жылдан бастап «KAP Logistics» ЖШС-те әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, оның ішінде 2018-2022 жылдар аралығында «KAP Logistics» ЖШС-тің бас директоры болып жұмыс істеді. Омарбековтың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейінгі соңғы жұмыс орны «Ақбастау» БК» АҚ болды, онда Қуаныш Омарбеков 2022 жылғы желтоқсаннан бастап бас директор қызметін атқарды.

«Омарбеков мырзаны Компания басшылығының құрамында көргеніме қуаныштымын, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

– Оның сервистік және тау-кен еншілес кәсіпорындардағы үлкен тәжірибесі компанияны өндіру жөніндегі жоспарларға қол жеткізу шеңберінде өндірістік процестерді оңтайландыруға және тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Омарбеков мырзаның жаңа бастамаларына сәттілік тілеймін».