«Қазгидромет» алдағы тәуліктерде республиканың бірқатар өңірлерінде ауа райының өзгеретіндігі туралы ескерту жасады

None
СТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Қазгидромет» алдағы тәуліктерде республиканың бірқатар өңірлерінде ауа райының өзгеретіндігі туралы ескерту жасады.

«Қыркүйектің 8-і күні күндіз Ақмола облысында солтүстік-батыстан келетін желдің екпіні 17-22, кей уақыттары 25 м/с-қа дейін күшейуі мүмкін. Ал қыркүйектің 9-10 күндері Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай мен Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал», делінген таратылған хабарламада.