«Қазгидромет» ауа райының жағдайына байланысты ШҚО-да су басу қаупі қайта туындауы мүмкіндігі туралы ескерту жасады

None
СТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» ауа температурасының жоғарылауы мен күтіліп отырған жауындарға байланысты, сәуірдің 1-і мен 6-сы күндері аралығында Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі, таулардан тасқынды сулардың ағуы мен су басу қаупі туындауы мүмкіндігін ескертті.

Сондай-ақ гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының шағын таулы өзендерінде де су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазақстанның батыс және орталығындағы өзендерде көктемгі үрдістер жалғасатын болады. Қызылорда облысының аумағынан өтетін Сырдария өзенінің бөлігінде Шардара су қоймасынан аққан судың мол болуы себепті су қалыпты деңгейінен жоғарылауы ықтимал.