«Қазгидромет» орталығы Оңтүстік Қазақстанның тау өзендерінде су тасқыны болу қаупін ескертті

None
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Алдағы тәуліктерде нөсер жауынның күтілуіне байланысты «Қазгидромет» орталығы Оңтүстік Қазақстанның тау өзендерінде су тасқыны болу қаупін ескертуде,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жамбыл және Алматы облыстарының тау өзендерінде су деңгейі өзгереді.

Сырдария, Шу, Іле, Қаратал және басқа өзендерде сең жүреді деп күтілуде, жекелеген өзендерде мұз кептеліп, су деңгейінің күрт көтерілу қаупі бар, деп хабарлады министрліктен.