ҚазҰПУ-да дайындық факультетінің үздік оқытушылары мен студенттері марапатталды

None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогика университетінің дайындық факультетінде білім беретін оқытушылар мен студенттердің есімдері анықталды.

Олар «Қазақстан халықаралық білім кеңістігінде» деп аталатын студенттердің ІІ Халықаралық ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісінде арнайы сый-сияпатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің оқу орнымызда қазір 300-дей шетелдік студент бар. Алуан мамандық бойынша білім беретін еліміздегі ең жоғары педагогикалық білім ордасы Азия мен Еуропаның 95 университетімен өзара байланыс жасайды. Студенттердің дәстүрлі түрде жыл сайн өткізілетін халықаралық конференциясы аясында бүгін факультеттің үздік оқытушылары мен студенттерін марапаттап отырмыз», деді Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогика университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Дана Медеуова. Онда - Бақытгүл Бағарина «Үздік оқытушы», Ләйлә Мамытбекова «Үздік тәрбиеші» деп танылды. Сондай-ақ 4-ші курстан моңғолиялық Чулуунэрдэнэ Чулуунбаатар, 3-ші курстан Гуан Ли Мин, 2-ші курстан Чжан Менде, 1-ші курстан Хан Гу Эл (бәрі Қытайдан) «Үздік студент», ал Нұртай Арын «Үздік тыңдаушы» аталымы бойынша мақтау қағазы мен сый-сияпатқа ие болды.