ҚазҰУ-де отбасылы студенттер сайысы өтеді
12:50, 03 Сәуір 2010
АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Студенттік отбасы» сайысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайысты «Сұңқар» студенттер кәсіптік одағы ұйымдастырады. Қызықты дода барысында отбасын құрған студенттер өзара сайысқа үсіп, бағын сынайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марпатталмақ.