Кеден одағы Қазақстанға не береді? - Индустрия және сауда министрлігінің өкілдері аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
12:11, 03 Наурыз 2010
СТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Ақтауда Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер форумы аясында «Кеден одағы: бизнес үшін жаңа мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Шара барысында сөз сөйлеген Индустрия және сауда министрлігі жанындағы Сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Руслан Сұлтанов, жиналған қауымға Кеден одағының қалыптасу үрдісі, Қазақстанның сыртқы сауда саясатындағы негізгі өзгерістер туралы әңгімелеп берді.
Отырыста сондай-ақ жанама салықтар салудың ретіндегі өзгертулермен, техникалық реттеу және кедендік әкімилендіру саласындағы саясаттармен байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
«Дөңгелек үстелдің « қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының кәсіпкерлері Кеден одағы үдерісіне қолдау білдірді және бұл жаңа жағдайдың бизнеске мол мүмкіндіктер тудыратындығына үміт артты.