Келісімді Қазақстанның бекітуі халықаралық тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал етеді

None
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Үкіметтен Мәжіліске «Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарына орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара мойындау шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы автомобильдік тасымалдау саласында халықаралық конвенцияларға және келісімдерге ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерге қосылуы туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің 2007 жылғы қазанның 6-сындағы шешіміне сәйкес және автомобиль көліктеріне халықаралық конвенцияларға және келісімдерге Қазақстанның қосылуы туралы Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы мамырдың 10-ындағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.1-тармағы әзірленген.

Келісімді Қазақстанның бекітуі халықаралық тасымалдау көлемін ұлғайту, көлік шығындарын қысқарту, жолаушыларды және жүктерді әкелу мерзімін, көлік жұмысын энергетикалық және экологиялық көрсеткіштерін халықаралық стандарттарға жақындату, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық көлік жүйесін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жол-көлік кешенін ықпалдастыру қажеттілігінен туындап отыр.