Кеміргіштермен күрес: Алматыда дератизация жұмыстары қалай жүріп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының үш ауданында дератизация жұмыстары аяқталды.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 15 қыркүйектен 31 қазанға дейін Алматыда кеміргіштердің көбеюінің алдын алуға бағытталған дератизация жұмыстары жүріп жатыр. Қазірге дейін 20 гектардан астам аумақ дәріленіп, Алатау, Жетісу және Медеу аудандарындағы жұмыстар толық аяқталды. Алдағы күндері дератизация Алмалы, Бостандық, Әуезов, Түрксіб және Наурызбай аудандарында жалғасады.
– Күзгі маусымда жалпы көлемі шамамен 47,3 мың гектар аумақты қамту жоспарланған. Оған жасыл аймақтар, өзен жағалаулары, су айдындары, аялдамалар, контейнер алаңдары мен жеке сектор кіреді. Жеке сектор тұрғындарына тегін улағыш жем мен оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық беріледі, - деп хабарлады әкімдіктен.
Дератизация мәселелері бойынша «Эко Сервис Алматы» диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады: +7 705 225 13 31, +7 705 118 77 88.
Еске салайық, «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында кеміргіштерді жою шарасының екінші кезеңі өтетінін жазғанбыз.