Киевте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-украин мемлекетаралық комиссиясының 9-шы мәжілісі өтеді

None
АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 7-8-і күндері Киевте Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-украин мемлекетаралық комиссиясының 9-шы мәжілісі өтеді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров айтты.

Оның айтуынша, келіссөздер кезінде қазақстандық тарапты ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, ал украиналық тарапты Украина Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Андрей Клюев басқарады. «Мәжіліс барысында сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, авиақұрылыс, ғарыш, инвестициялық, кәсіпкерлік, көлік, өнеркәсіп, ғылым мен білім салаларындағы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады», деді І. Омаров.