Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасының түйсетін нүктесі жөніндегі келісім ратификацияланды

Фото: president.kg

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «2025 жылдың 31 наурызында Худжандта қол қойылған Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің шекараларының түйісетін жері туралы» Қырғыз Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтынан мәлім болды.

Заңды Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші 2025 жылдың 25 маусымында қабылдады.

Заңның мақсаты – Қырғыз Республикасының «Қырғыз Республикасының халықаралық келісімдер туралы» және «Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің регламенті туралы» заңдарына сәйкес, мемлекетішілік процедураларды орындау болып табылады.

Заң Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанның және Өзбекстанның 2025 жылдың 31 наурызында Худжандта қол қойылған үш мемлекеттің шекарасының түйісетін жері туралы келісімді ратификациялауды ұсынады.

Осыған дейін қырғызстандық әуе компаниясының Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосатыны туралы хабарладық.