Киров су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы әңгімеге негіз жоқ - Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары
өсек-аяңға негізделген және оның Қырғызстандағы төңкеріске еш қатысы жоқ», деп мәлім етті бүгін БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізген Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев.
Көрші Қырғызстанның аумағында және Жамбыл өңіріне жақын жерде орналасқан Киров су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы гу ете қалған өсек-аяңның салдарынан бүгін түнде, Таразда және оның төңірегіндегі аудандарда халық арасында дүрбелең туды. Белгісіз біреулер, бөгеттің бұзылуы көрші Қырғызстанда орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты және қауіп бөгетке жақын жердегі Жамбыл және Байзақ ауданының Жалпақтөбе, Тектұрмас, Сахпоселок және т.б. ауылдары мен Тараз қаласына төнгені туралы әңгіме таратқан.
Төтенше жағдайлар қызметіне түні бойы 2,5 мыңдай қоңырау, ішкі істер департаментінің жедел бөліміне 500-дей қоңырау түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің сағат 24.00 шамасында жергілікті телеарна арқылы жедел хабарлама жасағанына, сондай-ақ Киров су қоймасының біздің облысымызға ешқандай қауіп төндіріп отырмағаны туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың мәлімдемесіне қарамастан, халықтың біраз бөлігі басқа өңірлерге көше бастаған.
К.Көкірекбаевтың айтуынша, облыс әкімі Қанат Бозымбаев адамдарды үйлеріне қайтуға көндіру мақсатында түнде Күйік асуына (Шымкент жолындағы) Тектұрмас жаққа (Жамбыл облысы) барып қайтты. Жол полициясының қызметкерлері жағдайды түсіндіру үшін Алматы-Шымкент тас жолының бойында блок-бекеттер ұйымдастырды. «Тек таңғы сағат 5-терге қарай жағдай реттеле бастады», деді ол.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, Киров су қоймасындағы жағдай мемлекетаралық деңгейде бақыланып отыр, облыс әкімшілігінің басшылығы бөгет бойынша күнделікті мәліметтерді зерделеуде, қырғызстандық әріптестермен тұрақты байланыс бар. Бүгінгі таңда су қоймасына секундына 30 текше метр су келсе, 25 текше метрі әрі қарай ағызылуда. Жобалық қуаты 550 миллион текше метрді құрайтын су қоймасында бүгінде 485 миллион текше метр су жиналған.