ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өтетін күнін жариялады

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналасының өтетін күнін жариялады.

Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

««ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылдың 27 ақпаны күні Астана қаласында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады. Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: Қоғамның директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Қоғамның директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау», - делінген хабарламада.

ҚазАқпарат анықтамасы: ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВB-» деңгейінде, ал 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады.