Көкшетауда алаяқтықпен миллион теңге ұрлаған күдікті құрықталды

None
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының жедел іздестіру тобы кезекті алдын алу іс-шарасы барысында алаяқтықпен бөгденің байлығына қол сұғып келген жергілікті тұрғынды қолға түсірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнеткерлер мен ақкөңіл жандардың үйлеріне телефон арқылы байланысып «балаларын, туған-туысқандарын полициядан босатып беру» қызметіне ақша талап етіп, айласын асырып келген. Ол осындай әрекетімен жасаған тоғыз қылмысты мойындап отыр. Келтірген шығын мөлшері бір миллион теңгеден асады. Бұл - алғашқы тергеу барысында белгілі болған қылмыстары. Қазір оның үстінен ҚР ҚК-сінің 177-ші бабы 2-ші «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.