Көкшетаудың «Арлан» командасы Атыраудың «Бейбарысынан» ұтылып қалды

None
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқөпарат /Жанмұрат Жанайдаров / -Кеше «Бурабай» қысқы спорт кешенінде Көкшетаудың «Арлан» хоккейшілер клубы Атыраудың «Бейбарысын» қабылдап, 1:3 есебімен ұтылып қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккейден Қазақстан чемпионатының бейсенбілік кездесуінде көкшеліктер 7: 6 есебімен жеңген болса, келесі күні атыраулықтар қарымта қайтарды. «Арлан» клубының президенті Арман Тұрлыбековтың айтуынш, қос команда биылғы біріншілікте алты рет кездесіп, оның төртеуінде көкшеліктер басым түскен болатын. Кешегі спорт додасының бірінші кезегінде көкшеліктер бір шайба басымдықпен, ал екінші қайтарымда тең ойнаса, атыраулықтар үшінші таймда тамаша ойын өрнегін көрсеткен.