Көліктің аударылу салдарынан екі адам қаза тапты - Жамбыл облысы

None
ТАРАЗ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Көліктің аударылу салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

  

 «Жамбыл ауданының Аса-Бірлесуеңбек көлік жолының бесінші шақырымында күндізгі уақытта «Ауди-80» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі аударылып қалды, соның салдарынан бұл көліктің ішінде отырған 32 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Тағы екі жолаушы - 10 жасар ұл бала мен 70-тегі әйел адам Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. «1942 жылғы әйел аурухананың оңалту бөлімінде қайтыс болды», - деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.