Колумбияда сел жүру салдарынан 254 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос  Мокоа қаласында сел жүру салдарынан құрбан болғандар саны 254-ке жеткенін растады, деп хабарлады РИА Новости.

Бұдан бұрын бұл санды Қызыл крест  атаған болатын, бірақ артынша  билік қаза тапқандар санын 207-ге төмендеткен.

 «Маған, өкінішке орай, мерт болғандар саны 254-ке жеткенін айтуда», - деп жазды Синтос Twitter-дегі  өзінің микроблогына.

Ол сондай-ақ Мокоада экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге 1,2 млрд песо (шамамен 415 мың АҚШ доллары)  бөлінгенін айтты. Таяу он күнде апат салдарынан бұзылған Путумайо департаментінің электр жүйесі уақытша схемамен ретке келтірілуі тиіс.