Конькимен жүгіруден классикалық көпсайысы бойынша Қазақстан чемпионатының нәтижесі жарияланды

None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада конькимен жүгіруден классикалық көпсайысы бойынша Қазақстанның чемпионаты аяқталды.

«Алау» мұз айдыны сарайының ресми сайты мәліметіне қарағанда, көпсайыста Петропавлдан келген Елена Урванцева мен Дмитрий Бабенко үздік ретінде танылды. Ұпай саны бойынша Д. Бабенко жаңа рекорд орнатқан.

Қазақстан чемпионатында классикалық көпсайыс бойынша бөлек қашықтықтар тұрғысында Азия чемпионатына және Әлем чемпионатына Азия құрлығы атынан қатысатын Қазақстан құрамасының қатары анықталды.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталған еді. Екі күнге созылған жарыстарға Вадим Саютиннің басшылығындағы ұлттық құрама және облыстар мен қалалардың командалары қатысты.