Қонақ үйдің кір жуатын бөлмесінен өрт шығып, 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында қонақ үйдің кір жуатын бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 40 минуттың ішінде сөндірілген өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында 35 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қызыл жалынды өшіруге ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.