Қостанай қаласында Қазақстан Халық Банкінің жаңартылған ғимараты ашылды

None
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Банктің филиалдар желісін дамыту мақсатын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай қаласында облыс әкімдігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басшылығының қатысуымен банктің облыстық филиалының жаңартылған ғимаратын ашу салтанаты өткізілді,

  деп хабарлады «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Ғимаратты ашу салтанатына облыс әкімі Сергей Кулагин, Қазақстан Халық Банкі Басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова, Ұлттық Банктің Қостанай облыстық филиалының директоры Мираш Жұмашев, Қостанай қаласының тұрғындары мен Халық банкі клиенттері қатысты.

Халық банкінің облыстық филиалының жаңа ғимараты құрылыс стандарттарының бүгінгі күнгі талаптарын ескере отырып жобаланған. Жаңа орын-жай клиенттерге және қызметкерлерге  ыңғайлы заманауи интерьерге ие болды: ғимаратта ауқымды қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылып, бес  кассалық кабина ашылды, екі банкомат орнатылды.

Жеке тұлға болып табылатын клиенттерге ыңғайлы болуы үшін депозиттер және карточкалық шоттар ашу және қызмет көрсету,  бөлшек кредиттерді рәсімдеуге байланысты банктік өнімдер мен қызметтердің топтамасы толығымен ұсынылып отыр.

Халық банкінің Қостанай қаласындағы филиалы айына 6 мыңнан астам клиентке қызмет көрсете алады деп күтілуде.

- Халық банкі өз клиенттеріне барынша таңдаулы сервис пен жағдайларды жасау үшін мүмкіндігінше қажетті шараның барлығын қабылдауда. Әрбір жаңа бөлімше, әрбір жаңа сатылым арнасы ашылған сайын біздің банк өз филиал желісін дамыту жөніндегі басты стратегиялық мақсатын жоспарлы түрде жүзеге асырып, сол арқылы клиенттерге барынша жақындай түсуде, - деді Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова. 

Халық банкі басшылығының сапары шеңберінде филиал өз қамқорлығындағы ұйым - «Қостанай облыстық балаларға арналған құлақ мүкісін түзету жөніндегі мектеп-интернат» Мемлекеттік мекемесіне телевизор, Қостанай облыстық Ішкі істер департаментіне  4 ноутбук табыс ету арқылы демеушілік көмек көрсетті.