Қостанай облысында жоғалып кеткен бала табылды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық Набережное кентінде жоғалып кеткен үш жасар Сергей Соколенконың табылғаны белгілі болды.

 Facebook-тағы ІІД парақшасында мынадай мазмұндағы хабарлама орналастырылды: «Сергей Соколенко кенттен 10 шақырымда алаңда табылды. Оны полиция қызметкерлері тапты. Баланы дәрігерлер тексерді, оның денсаулығы мен жағдайы қалыпты. Бала ата-анасына табыс етілді. Көмек көрсеткен барлық еріктілерге рахмет!».

Бұдан бұрын хабарланғандай, бала үлкен ағаларымен ойнау үшін ауладан шығып кетіп, содан белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Оны полиция, ТЖ  қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар іздеді.